Білім беру саласындағы өзгерістер мен оқу бағдарламасының маңыздылығы туралы ЖОО ғылыми-әдістемелік семинар өтті

2022 жылы 28 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Журналистика және қазақ тілі» каферасы ұйымдастырған ғылыми-әдістемелік семинарында «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушы Нурлыбаева Жанат Лесбековна «Білім беру саласындағы өзгерістер мен оқу бағдарламасын жаңартудың өзектілігі» тақырыбында педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты тренинг жүргізді. «Журналистика және қазақ тілі» кафедраның профессор оқытушы құрамы теорияны тәжірибемен ықпалдастыра жүргізілген тренингке қызығушылық танытып, тақырып аясындағы маңызды мәліметтерді жан-жақты талқылады. Семинарға қатысушылар білім беру саласындағы өзгерістер мен оқу бағдарламасының маңыздылығы туралы пікір алмасып, ЖОО білім алушыларға ұлттық білім моделін тәжірибеде қолданудың жолын қарастырды.

Наши филиалы