«Математикадан логикалық тапсырмаларды орындау тәсілдері» облыстық семинары аясында олимпиада өткізілді

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 3-ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «Математикадан логикалық тапсырмаларды орындау тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинар болды. Семинар аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында олимпиада өтті.
Олимпиада ережесі негізінде дұрыс жауабын таңдау сұрақтары, бос орынды толтыру, есептеу, дәлелдеу бойынша логикалық тапсырмалар орындалды. Нәтижесінде 167 мұғалімнің ішінде жүлделі орындарға 111 , грамотаға 25, сертификатқа 32 педагог ие болды. Қорытынды кесте қатысушылардың электронды поштасына жіберілді.
Жүлде құтты болсын, әріптестер!

Наши филиалы