Гибридті оқыту форматындағы семинар ұйымдастырылды

Ақпан айының екінші декадасында Екібастұз қаласының №2 Орта білім беру мектебінің қабырғасында «Пән мазмұны негізінде педагогтердің зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру» атты семинар өтті. Ұйымдастырушысы – «Өрлеу» Павлодар оқытушысы Өміргүл Ертісханқызы, ал семинар қонағы ретінде «Өрлеу» Алматы қаласының тренері Айжан Есентаева онлайн қатысты. Ол тыңдаушыларға «Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту» тақырыбында дәріс оқыды. Қатысушылар қатарында Екібастұз қаласының елуге таман ұстаздары болды.
Семинар педагогтердің шығармашылықпен жұмыс жасау потенциалын арттыруға, пәнаралық байланыс арқылы жобалық жұмыстарды кіріктіріп ұйымдастыру негіздемесімен таныстыруға бағытталған. Іс-шара гибридті оқыту форматында өтіп, қытысушылар көңілінен шықты.

Наши филиалы