Ұлттық дәстүрлер / Родные традиции

4 мамырда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағының бірлескен «Білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер / Родные традиции» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысының» қорытынды концерті өтті. «Өрлеу» Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты директорының м.а. Жанкарина А.Т. сайыстың қорытынды концерттің қонағы ретінде қатысты.
Гала концертте білім беру ұйымдарының ұстаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мың бұралған бишілер би билеп, күміс көмей әншілер халық әндерін орындап және ұстаздардан құралған «Абай» театры авторлық «Абай әлемі» атты қойылымын қойды.

Наши филиалы