Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытуышысы Жанар Кошкимбаева 28 наурыздан бастап Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ ауданы химия пәні мұғалімдеріне «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Курстың мақсаты – оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру үшін  химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру. Курс аясында мұғалімдер химия пәнін оқытуда Блум таксономиясы негізінде дамытушы тапсырмаларды дайындаудың жолдары бойынша материалдарды меңгеруде.

Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы