Бірлескен іс-шара

2022 жылдың 02 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жылдық іс-жоспарына сай Шымкент қаласындағы М.Маметова атындағы №35 жалпы орта мектебінде ОККЖ не қарасты №8 кітапхана бөлімшесімен бірлесе отырып ақын Т.Айбергеновтың туғанына 85 жыл толуына орай «Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – талантты ақынТ.Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Оқырмандар арасында шығармаларын оқуға насихаттау. Іс-шараға ақын, жазушы Қабылбек Төретайұлы, фантаст жазушы профессор Сарманбай Исақ, ақын Бөрібай Оразымбет, «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі ұстаз Марғұба Мұхтарқызы, әнші Жұмабекова Ажаркүл, ауған соғысының ардагері, ақын Гүлзия Шерімбетова, ақын Клара Лақанқызы, Жас қаламгер» ақындар клубының оқушылары қатысты. Әдеби сазды кеште өнер адамдары, оқушылар тарапынан талантты ақын Т.Айбергеновжайлы қызықты естеліктер айтылып, зерттелмеген қыры жайында сөз қозғалып, арнау өлеңдері оқылып, әндері айтылды.Іс-шара соңында талантты ақынТ.Айбергеновтың туғанына85 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!» атты әдеби сазды кешіне белсене қатысқан оқушылар алғысхатпен марапатталды.

Л. Жанысбек, Л.Тастанова «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары.

Наши филиалы