Медиа-ақпараттық сауаттылық мәселелері бойынша семинар

“SauattyKeleşek” жобасы аясында Назарбаев Университетінің Даму Қорының қолдауымен Алматы қаласының Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында “Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын медиа және ақпараттық сауаттылық пен инклюзия негіздеріне оқытудың әдістері, нысандары мен құралдары” тақырыбында семинар өтті. Семинар республикамыздың мектеп кітапханашыларына медиа-ақпараттық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамалық түсініктері қажеттігін қөрсетті. Баяндамашылар медиа-ақпараттық сауаттылық туралы өз білімдерімен және “SauattyKeleşek” жобасын енгізу тәжірибесімен бөлісті, Виртуалды кеңістіктегі тәуекелдерді болдырмау құралы ретінде медиа-ақпараттық сауаттылық туралы белсенді пікірталастар өтті. Семинар аясында “Kahoot-ойын түрінде оқыту” шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Семинардың екінші бөлімінде Жамбыл- “Өрлеу” кітапхана ісінің бас маманы Грицинина Инна сөз сөйлеп, қатысушыларды Жамбыл облысының нашар көретін және зағип жандар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шаралармен таныстырып, сондай-ақ  облыс мектеп кітапханаларында медиалық-ақпараттық сауаттылықты ілгерілету туралы айтты. Медиа-ақпараттық сауаттылықты ілгерілету барлық кітапханалар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Наши филиалы