Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған әрекеттер

Ақпан айының 3-жұлдызында «Өрлеу» Павлодар филиалының оқытушылары А.Ж. Ахметниязова мен Ө.Ертісханқызы Аққулы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Б.Батталовамен бірлесіп облысымыздың аудан мектептерімен вебинар ұйымдастырды. Іс-шара «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы өзгерістерге бейімделген икемді тактикалық іс-қимылдарды әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы шағын жинақты мектептер педагогтерінің желілік қоғамдастығы» тақырыбында өтті.


Вебинарға Аққулы ауданының отыздан астам мектеп жетекшілері қатысып, ШЖМ оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті.

Ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп қана қоймай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлерінен зерттеу бойынша жұмыстарға бағыттарды нақтылау мен түзету ұсыныстарына да ие болды.

Наши филиалы