ТжКББ ұйымдарының ұстаздары тәжірибесімен алмасуда

Торайғыров Университет жоғары колледжінде «Өрлеу» БАҰО оқытушысының қатысуымен кәсіптік стандарт талаптары аспектісінде ТжКБ оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған бірлескен семинар өтті.

Іс-шараға Павлоадр облысының техникалық және кәсіби білім беру (ТжКББ) ұйымдарының 30-дан астам оқытушылары қатысты.

Семинардың спикері ретінде «Өрлеу» Павлодар аға оқытушысы Әлем Несіпбаева сөз сөйледі.

Өз кезегінде Торайғыров университет колледжінің оқытушылары энергетикалық мамандықтар студенттерін оқытудың тәжірибелік-бағдарлылығын іске асыру, ағылшын тілі сабақтарында дамытушылық және проблемалық оқытудың тиімді тәсілі ретінде жобалар әдісін пайдалану, ақпараттық технологиялар автоматтандырылған құралдарының көмегімен ТжКБ студенттерін бағалау, сондай-ақ «компьютерлік жүйелер архитектурасы» пәні бойынша интерактивті орта сияқты өзекті мәселелер бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасылып, жұмыс тәжірибесін өзектендіру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Наши филиалы