Day: Сәуір 4, 2022

Меркі ауданы тарихшылары кәсіби біліктілігін арттыруда

Ү.ж. 1 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры С.Құрманбекова, директордың орынбасары Ш.Тайганбекова, облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Л.Өтеулиева, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі С.Бопиева Меркі ауданында өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курстарына қатысып, тыңдаушылармен кездесті. PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысатын білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жаңа маусымы басталды

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Облыстық оқу-әдістемелік кабинет базасында Жамбыл-«Өрлеу» өкілдері облыстық, аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерінің қатысуымен он-лайн кеңес өткізді. Негізгі тақырып- конкурсты дайындау, ұйымдастыру және өткізу мәселелері. Сонымен қатар, PISA халықаралық зерттеу өткізуге дайындық мәселелері, British Council пилоттық жобасына қатысатын ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланды.

Толығырақ

Күндізгі форматта біліктілікті арттыру курстары басталды

Өрлеу Павлодар филиалында күндізгі форматта педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды. әлеуметтік педагогтер, жалпы білім беру мектептерінің кітапханашылары, робототехникадан сабақ беретін мұғалімдер, сондай-ақ, PISA халықаралық зерттеуіне дайындық аясында математика пәнінің ұстаздары өздерінің кәсіби құзыреттіліктерінің деігейін арттыруда.

Толығырақ

ТжКББ ұйымдарының ұстаздары тәжірибесімен алмасуда

Торайғыров Университет жоғары колледжінде «Өрлеу» БАҰО оқытушысының қатысуымен кәсіптік стандарт талаптары аспектісінде ТжКБ оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған бірлескен семинар өтті. Іс-шараға Павлоадр облысының техникалық және кәсіби білім беру (ТжКББ) ұйымдарының 30-дан астам оқытушылары қатысты. Семинардың спикері ретінде «Өрлеу» Павлодар аға оқытушысы Әлем Несіпбаева сөз сөйледі. Өз кезегінде Торайғыров университет колледжінің оқытушылары энергетикалық мамандықтар […]

Толығырақ

Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытуышысы Жанар Кошкимбаева 28 наурыздан бастап Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ ауданы химия пәні мұғалімдеріне «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Курстың мақсаты – оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру үшін  химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру. Курс аясында мұғалімдер […]

Толығырақ

British Council жобасының қорытындысы бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне сертификаттар берілді

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының танымал British Council халықаралық компаниясымен серіктестіктегі пилоттық жобасын іске асыру қазірдің өзінде ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсібилігін арттыру және олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі туралы айтуға мүмкіндік береді.  Сонымен, мұғалімдердің онлайн-қоғамдастығы платформасының негізінде ұсынылған біліктілікті арттыру курсы, оның мақсаты-өзінің педагогикалық практикасын ой елегінен өткізу, республикалық және халықаралық деңгейде әріптестерімен өз тәжірибесімен, көзқарастары […]

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курсы аясындағы интерактивті семинар

2022 жылдың 3 наурызында біліктілікті арттыру курсы аясында директор-көшбасшы Цай Раиса Андреевна мен Алматы қаласының №79 гимназияның басқарушы командасы, сондай-ақ, Өрлеу ББЖҚБАРИ тренерлері Тен А. С. Мен Жартынова Ж. А. жетекшілігімен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 50 басшысына арналған интерактивті семинар өткізілді. Семинарда жан басына қаржыландыру және цифрлық трансформация жағдайында инновациялық менеджментті қолдану бойынша гимназия […]

Толығырақ

Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Парида Каркабаева 21 ақпан мен 04 наурыз аралығында  Жамбыл, Байзақ аудандары  мен Тараз қаласы математика пәні мұғалімдеріне «Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбында курс өткізуде. Курс аясында мұғалімдер математика пәнін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, саралау тәсілдері, Блум таксономиясын, сабақты жоспарлау, түрлі тапсырмалар дайындау […]

Толығырақ

Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған әрекеттер

Ақпан айының 3-жұлдызында «Өрлеу» Павлодар филиалының оқытушылары А.Ж. Ахметниязова мен Ө.Ертісханқызы Аққулы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Б.Батталовамен бірлесіп облысымыздың аудан мектептерімен вебинар ұйымдастырды. Іс-шара «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы өзгерістерге бейімделген икемді тактикалық іс-қимылдарды әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы шағын жинақты мектептер педагогтерінің желілік қоғамдастығы» тақырыбында өтті. Вебинарға Аққулы ауданының […]

Толығырақ