Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері талқыланды

Үстіміздегі жылдың  28 наурызы мен 8 сәуір аралығында Жуалы ауданы биология пәні мұғалімдеріне «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс өткізілуде. Курс барысында тыңдаушылардың инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында алған білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында 4 сәуір  күні    Бауыржан Момышұлы ауылы «Жуалы» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығында тыңдаушылармен көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді. Тәжірибелік сабақ барысында ерекше білімді қажет ететін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің озық тәжірибесімен танысып, зерделеп, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар мен тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары ұсынылды.

Наши филиалы