Студенттер жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруді меңгеруде

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Аманкуль Есмырзаева 01-15 наурыз аралығында Қостанай қаласының  Арқалық педагогикалық институтының 4 курс білімгерлеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуге дайындау» тақырыбында онлайн курс өткізуде. Курстың мақсаты: Жаңартылған  білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын қарастыра отырып, оқыту үдерісіне енгізілген  негізгі тәсілдерді зерделеу. Курс аясында білімгерлер жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен  танысып, оқу бағдарламаларының  құрылымы мен мазмұнын, негізгі оқыту тәсілдерін меңгереді.

Жанар Кошкимбаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы