Педагогтерді курстан кейінгі қолдау

Кентау қаласы, №23 Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебінің базасында 2022 жылы 29 сәуірде әдістемелік десант жоспарына сәйкес «Математика – жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы шебер сынып өтілді. Шебер сыныпқа 56 мұғалім қатысты.Шебер сыныпты жүргізгендер: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Жуманова Райхан Муратовна мен Айдосова Айгуль Ерубаевна. Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды сабақта пайдалану қажеттілігін көрсету, мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге көмектесу.Міндеті• оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін шығармашылық тапсырмалардың әртүрлі түрлерін қолдану туралы мұғалімнің білімін жүйелеу және кеңейту.• әріптестерді функционалдық сауаттылық түсінігімен және оның көрсеткіштерімен таныстыру, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды дайындауға үйрету.• осы халықаралық бағалау ұйымдары туралы ақпарат арқылы ғылым және білім саласындағы халықаралық бағалау ұйымдарының стандартына сәйкес келетін тапсырмаларды құрастыру бойынша мұғалімдердің дағдыларын қалыптастыру;Күтілетін нәтижелер: қатысушылар тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды өз сабақтарында қолдану қажеттілігін түсіне алады. оқушылардың шығармашылық әрекеті үшін жасалуы қажет жағдайлардың мәнін түсіну, оқу әлеуетін ынталандыру және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін тапсырмаларға қандай өзгерістер енгізу керектігін түсіну. мұғалімдер халықаралық бағалау ұйымдарының форматтарына сәйкес келетін тапсырмаларды жазу дағдыларын меңгереді, заманауи білім беру саясатындағы өзгерістердің талаптары мен салдарын түсінеді.

Наши филиалы