Кітапханалық жұмыс тәжірибесіне инновациялар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының филиалында «Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының инновациялық қызметінің заманауи стратегиялары» тақырыбында облыс кітапханашыларына арналған курс басталды. Курстың үшінші күнінде Инна Грицинина тыңдаушыларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету тақырыбын өтті. Кітапханашылар кітапханалардың кітап қорлары мен каталогтарын талқылады, мектеп оқырмандарына арналған библиографиялық өнімдерді жасау әдістемесін меңгеріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Соңында «Заманауи кітапханашының 10 кәсіби қасиеті» іскерлік ойынына қатысты. Кітапхана курстары жалғасуда!

Дина Сейданова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы