Шебер-сынып «Python бағдарламалау тілі»

2022 жылдың 04.04 күні «Информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына Шымкент қаласы, Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Махкамов Адхам Октамович өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Python бағдарламалау тілі» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Ол өз тәжірибесіндегі Python бағдарламалау тілі бойынша 6 сыныптан бастап оқушыларды оқытудың тиімді әдістемесін ұсынды. Қазіргі таңдағы бағдарламалаудан оқушылардың олимпиада, байқау есептерінің шешу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, курс тыңдаушыларымен бірлескен тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, есептерді бірнеше нұсқамен шығаруға болатынын атап өтті.  

Шебер-сынып соңында қатысушылар алдағы 2022-2023 оқу жылында ҰБТ-ға енетін мүмкін болатын есептердің шешу жолдарын қарастырды. Курс тыңдаушылары әріптестері А.Макхамовке өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыстарын білдіріп, өзара ынтымақтастықта болуға келісті. Осы сынды тәжірибе алмасу іс-шаралары мұғалімдерге пәнді оқытудағы шеберліктерін арттыруға үлесі зор екенін ерекше сөз етті.

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Г.Садыкова

Наши филиалы