Өзара оқу сабақтарына қатысу педагогикалық рефлексия ретінде

Профессор-оқытушылар құрамының білімі мен іскерліктерін тексеру –  Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында білім беру сапасы жүйесіне қойылатын талаптардың басты тетіктерінің бірі. Ішкі сапаны басқару үшін институт әкімшілігі мен қызметкерлер тұрақты негізде сабақтарға қатысады. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы, қолданылатын оқыту тәсілдері, сабақты өткізу сапасын тексеру, педагогтердің қызметі мен кәсіби дамуын бағалау, заманауи білім беру технологияларымен танысу және оларды оқу процесіне енгізу сабаққа өзара қатысудың негізгі мақсаты болып табылады. Оқу сабақтарын педагогикалық талдау арқылы оқу процесін дамыту мен жүзеге асырудың маңызды және өзекті міндеттерін анықтауға болады. Оқу сабақтарына өзара қатысуды талдау және бағалау облыс педагогтерінің оқытудың жаңа нысандарына көшу және оқу процесін ұйымдастыру жағдайында белсенді технологиялар мен әдістерді қолдану, педагогикалық тәжірибелерін көрсету және тарату, педагогикалық шеберлігін арттыру, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.

Наши филиалы