«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне сабақтар мен бейнедәрістер байқауына қатысушыларға әдістемелік көмек

Ү.ж 3 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауына қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн кеңес өткізілді. Кеңеске аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, байқауға жауапты әдіскерлер, колледж директорларының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты. Онлайн кеңесте сапалы бейнематериал жасау және оны дайындаудың техникалық ерекшеліктері бойынша ұсынымдар, сондай-ақ байқауға қатысуға электронды өтінімді толтыру бойынша бірқатар ескертулер мен түсініктемелер берілді.

Наши филиалы