Жемісті кездесу

“Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Фарида Кулен Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  өткен “Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның негізі” атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараның мақсаты-бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін анықтау және оқушылардың білімін дамыту жолдарын талқылау, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Іс-шараны аудандық білім бөлімінің бастығы Қуат Оразбекұлы Райымқұлов ашып, дөңгелек үстелдің міндеттеріне тоқталды. Фарида Кулен өз сөзінде біліктілікті арттыру курстарының мазмұны, мақсаттары мен міндеттері, педагогтерді курстан кейінгі қолдау туралы айта келіп, қатысушылардың назарын білім беру бағдарламаларына енгізілетін өзгерістер мен жаңалықтарға аударды. Дөңгелек үстелге қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы