«КОМАНДАДА – КҮШ»  мақсатты шеберлік сыныптар циклі

5 мамырда «Өрлеу» Қостанай филиалы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» ХӘО-мен бірлесіп өткізетін «Тәлімгер+жас педагог=команда» «КОМАНДАДА – КҮШ» халықаралық конкурсының жеңімпаз-педагогтерінің мақсатты шеберлік сыныптар сериясы күтілгендей, жалғасты.

Кезекті шеберлік сынып аясында 2020 жылғы «Тәлімгер + Жас педагог = Команда» кәсіби шеберлік байқауының жүлдегерлері – сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі әдіс-тәсілдері мен технологияларын пайдалану тәжірибесімен ресейлік әріптестеріміз бөлісті.

Омбы қаласының Бюджеттік жалпы білім беру мекемесі «Бизнес және ақпараттық технологиялар» лицейі директорының орынбасары Ольга Владимировна Астапова мен биология пәні мұғалімі Анастасия Александровна Сарыпова қатысушыларға география және биология сабақтарының үлгісінде топтық жұмысты ұйымдастыру мүмкіндіктерін көрсетіп, мақсат қою тәжірибесімен, оқушыларды топтарға бөлу тәсілдерімен бөлісті, балалардың мінезі мен темпераментіне байланысты топтағы рөлдерді бөлу ерекшеліктері туралы айтты. Шеберлік сынып барысында жүргізушілер қатысушыларға көрсетілген тәсілдердің әмбебап оқу іс-әрекеттерінің тізбесін жасауға көмектесті, оларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін және сабақтың болжамды нәтижесін түсіндірді.

Шеберлік сынып тыңдаушылардың үлкен эмоционалды пікірлерін тудырды. Жүргізуші тақырыптың мәні бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.  Соңында ресейлік педагогтер қазақстандық әріптестеріне өз тілектерін өлең түрде жеткізді, ал олар Абайдың өлеңдерімен жауап қайтарды.

Жалғасы бар… Анонстарды қадағалаңыз, өз кәсіби шеберлігіңізді шыңдау және көтеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Наши филиалы