Инклюзивті білім берудің әдіснамалық аспектілері

2022 жылдың 1 маусымында «Балаларды қорғау күні» аясында Алматы қаласы, Алатау ауданы  №152 мектеп-гимназия базасында «Мектептің тәрбиелеу үдерісін жетілдіруде тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында инклюзивті білім берудің әдіснамалық аспектілері: инклюзивті саясат, инклюзивті мәдениет, инклюзивті практика тақырыптарындағы өзекті мәселелер қозғалды.

Семинарға Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сүлейменова Гульнар, «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Нарсеитова Фатима және Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Алматы облысы, Алматы қаласынан келген тыңдаушылар белсене қатысты.

Тәжірибе барысында қатысушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, мектептің тәрбиелеу әлеуетін арттыру үшін тәлімгерлік үдерісін жетілдіруде тыңдаушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды және тәрбиелеудің тиімді жоспарлау амалдарын игерді. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері саласында негізгі ұғымдар мен қағидалар тұрғысынан кәсіби құзыреттілігін арттырды.

(1) Пікір

  • Жукенов Клыш Санашевич 19.06.2022 @ 19:58

    Алматыға келгенде оқу тілеп,
    Алатау қарсы алды көкті тіреп.
    Алдымыздан қарсы алды Фатима апай,
    Жүзінен жылу шашып, кулымсыреп.

    Фатима, сізге Алла разы болсын,
    Көңілге тіршіліктің жазы қонсын!
    Еңбегіңіз еселеп жана берсін,
    Жаңұяңыз баянды баққа толсын

Пікірлер жабық.

Наши филиалы