«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі арттырылуда

📚Бүгін, 6-сәуір күні «Өрлеу»-Павлодар оқытушысы Өміргүл Ертісхан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» атты біліктілік арттыру курсының аясында Павлодар қаласының №34 орта мектебінде көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырды. Іс-шара семинар форматында өтіп, аталмыш білім ордасының ұстаздары курс тыңдаушыларымен «Б.Блум таксономиясы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дамытушы тапсырмаларды дайындаудың жолдары. Критериалды бағалау жүйесі: оқу тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері» тақырыбында жинаған тәжірибесімен бөлісті.

📚Семинар барысында қатысушыларға аталмыш бағыттың жұмыс тәжірибесі, тапсырмаларды орындаудың жолдары ұсынылып, сабақтардың марафонынан құралған олардың барысына қатысу мүмкіндігі берілді.

📚Семинар бағдарламасының соңында ұйымдастырылған іс-шараға шолу мен талдау жасалып, қатысушылар жалпы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту” курсы олардың көңілдерінен шығып, жинаған жаңалықтары мен білімдерін күнделікті жұмыс барысында міндетті түрле қолданатынын атап өтті.

📚Айта кетерлігі, жоғарыда аталған курс сабақтары сәуір айының 8-жұлдызында тәмәмдалатын болмақ.

Наши филиалы