Информатика пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттырды

«Өрлеу»-Павлодар филиалында информатика» пәні мұғалімдеріне арналған «Информатика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курсы филиалдың білікті оқытушысы Бибигүл Амерханқызы Жаукенова өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты оқыту мен оқудың нәтижелілігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін пәннің мазмұны мен оқыту әдістемесі саласында орта білім беру ұйымдарының информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру болды.


Курс барысында ұстаздар ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес «Информатика» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырып, пән бойынша оқу қызметін ұйымдастыру және білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін цифрлық білім беру ресурстарын және онлайн сервистерді пайдалану дағдыларын қалыптастырды.
Сондай-ақ, тыңдаушылар курс аясында Кенжекөл орта мектебінде өткен көшпелі практикалық сабағына қатысты. Аталмыш білім ордасының ұстаздары КПС-ты семинар түрінде өткізіп, білімімен бөлісті. Семинарда қатысушылар электронды оқулықтар жасап, оқушыларды қорытынды аттестаутауға дайындаудағы тиімді әдістер мен тәсілдер қолдануды, Socrative платформасы негізінде оқытуды және білімді саралап бақылауды ұйымдастыру үйренді.

Наши филиалы