Шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған аудандық семинар өтті

Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылы орта мектебінің қабырғасында «Кереку билер алқасы» Қоғамдық бірлестігі мен Баянауыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті биі, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы Аға сұлтаны Шоң би Едігеұлына арналған мектеп оқушылары арасындағы аудандық Шоң би оқулары өтті. Оқушылар эссе жазып, ақындар сайысына қатысып, тестілеуден өтсе, келген ұстаздар қауымы үшін «Өрлеу»-Павлодар аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Бірлескен жұмыс барысында мұғалімдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша өздерінің жинақтаған практикалық тәжірибелерімен бөлісті.


Сондай-ақ, білім ордасында жиналған аудан оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздарына арналып «Баянауылдың бір шоқтығы Шоң би еді» атты дәрістері оқылды. Лекцияларды аймағымыздың белгілі өлкетанушысы А.Құрманов пен Торайғыров Университетінің профессоры С. Елікбаев өткізді.

Наши филиалы