Бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Қызылорда қаласындағы Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Ақманат Басанованың ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Мектеп-лицейде өткізілген семинар мазмұны бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру, сабақты жоспарлау мәселелеріне арналды.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері:

  • қысқа мерзімді жоспарлау алгоритмін нақтылауды;
  • сабақ мақсаттарын SMART критерийлеріне сәйкес құрастыруды;
  • орта мерзімді жоспарлаудағы тілдік дағдыларды дамытуды;
  • бағалау критерийлерін анықтауды;
  • «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуды;
  • тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін жүзеге асыруды;
  • қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді жоспарлауды меңгерді.

Семинардың қорытынды бөлігінде сындарлы диалогта сұрақ-жауап арқылы мұғалімдер қиындық келтіретін тақырыптар аясындағы сауалдарына тренерден мазмұнды жауап алып, кері байланыста бүгінгі бас қосудағы жұмысқа бағаларын берді.

Алдағы уақытта институт тренерлерінің қолдауымен мектеп-лицей педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинарлар, шебер сыныптар өткізу жоспарлануда.

Наши филиалы