Курс тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде оқушылaрдың ерекше білім беру қaжеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім aлуғa тең қол жеткізуді қaмтaмaсыз етуге ықпaл ететін ортaқ кеңістік құру aясындa педaгогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дaмыту мақсатында «Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында курс тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

Курс тыңдаушылары №264 мектеп-лицейінің бастауыш мұғалімдері инклюзивті білім беретін 4 сыныптарда өткізген сабақтарына қатысып, сабақ мақсаттарымен, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған жеке тапсырмалар түрлерімен танысты.

Сонымен қатар, курс тыңдаушылары инклюзивті білім беруді бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысымен, инклюзивті сыныптардың арнайы мамандарының жұмыс барысымен танысты. Тәжірибе алмасу барысында курс тыңдаушылары ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған дене шынықтыру залымен, құрылғыларымен танысты.

Шара соңында тәжірибелік сабақ көрсеткен мектеп-лицей мұғалімдері институт директорының Алғыс хатымен марапатталды. Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінің ұжымына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта инклюзивті білім беру бағытындағы сапалы әрі сындарлы жұмыстар, ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдіреміз!

Наши филиалы