Біліктілікті тәжірибемен нығайтамыз

Ағымдағы жылдың 28 наурыз бен 8-ші сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ, Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Қазақстанның этникалық саясатын білім беру мазмұнында іске асыру бойынша педагогтердің пәндік-кәсіби құзыреттерін дамыту»  тақырыбында біліктілік  курсы өтіп жатыр. Курсқа Алматы қаласы бойынша тарих, дінтану негіздері, құқық негіздері пәндерінің 25 мұғалімі қатысуда. Курс жетекшісі институттың аға оқытушысы Гулбала Кеніштайқызы.

05.04.2022 ж. курс жоспарына сәйкес,  «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабақты Н. Островский атындағы №4 Арнайы мектеп интернатта өткізді.

Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Н.Жұмаділованың алғы сөзімен басталды, әрі қарай аталған мектеп-интернаттың психологы М. А. Ертілеуова және бастауыш сынып мұғалімі Р. М. Шайдалина айтулы тақырып бойынша баяндама жасады.

Тәжірибелік сабақ аяқталғаннан кейін курс педагог-тыңдаушылары жетекшілерімен бірге Математика (Жумабекова Э. Ж. 3 «А» (зағиптар) және 4 «Ә» (нашар көретіндер) сыныптары), Қазақстан тарихы (Таласбаева А. К. 7 «Ә» (нашар көретіндер), Жаратылыстану (Аргымбаева у. и. 4 «Ә» (нашар көретіндер), Кеңістіктік бағдарлау (Букембаев С. М. Сидикова г. К. 5а және 6 «А» сыныптар) пәндері бойынша өткен ашық сабақтарға қатысты.

Курс тыңдаушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс түрімен тәжірибеде танысып, өз ойларымен бөлісті.

№62 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Кирбаева Жазира дәрісті өз көзімен көру арқылы ерекше сезімде болғанын, сабаққа қатысу барысында көзіне жас алғанын тебірене атап өтті.

№13 мектеп-гимназия тарих пәнінің мұғалімі Саиднасимов Қайрат «Қазақстан  тарихы» пәнін оқыту барысындағы ерекшеліктерін, бүгінгі күнмен байланыстыра  отырып жүйелеуді сабақтастыра әңгімеледі.

Курс тыңдаушылары тәжірибелік сабақтың пайдалы болғанын және жоғары деңгейде өткендігі туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Наши филиалы