Ынтымақтастық қарым-қатынас нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынас нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.

Кездесу барысында №78 мектеп-гимназия директоры Ж.Е.Сейтмағанбетова жалпы мектеп миссиясын, перспективалық даму жоспарын, STEM желілік қоғамдастығы бағытын таныстыра келіп, өз ұсыныстарын айтып өтті.

Өз кезегінде институт директоры, ф.ғ.к., Н.М.Абишева №78 гимназия мұғалімдерін біліктілікті арттыру шаралары, эксперименттік алаңдар мен шеберлік сағаттары арқылы мол тәжірибелерін облыс, республика көлемінде таратуға шақырды.

Меморандум аясында тың идеяларға, жаңашыл педагогтарға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілетіндігі екі тарапқа қуаныш пен серпін берді.

Наши филиалы