Білім беру ұйымдарында бітімгерлік (медиация) қызметін ұйымдастыру, тәжірибені дамыту және тарату технологиясы

Бүгін “Өрлеу” –Ақтөбеде “Білім беру ұйымдарында бітімгерлік (медиация) қызметін ұйымдастыру, тәжірибені дамыту және тарату технологиясы” тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинар баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында және білім беру ұйымдарында медиативтік келісім қызметтерін ұйымдастыру жөнінде өтті.

Қатысушылар медиацияны ұйымдастырудың мақсаттарымен, функцияларымен, рәсімдерімен, кезеңдерімен және жанжалдарды шешу технологияларымен танысты. Тренер, кәсіби медиатор М.С.Раева медиативтік құзыреттілік мәселелерінде педагогтердің тәжірибесін жетілдіруге ерекше назар аударды және педагогтардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинар жұмысында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, педагогтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы