Flash семинар: Мұғалімнің кәсіби даму шеңберіндегі іс-әрекет

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Орынкүл Жұматайқызының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби даму шеңберіндегі іс-әрекет» тақырыбында flash семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау.

Flash семинар барысында мұғалімдер:

– мұғалімнің кәсіби өсу бағыты көрсеткіштерін;

– мұғалімнің кәсіби өсуінің картасы үлгісін;

– оқушының жеке тұлғалық дамуына, өзіндік өсу бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығы, шеберлігі рөлінің маңыздылығын меңгерді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі – оқыту үдерісі сапасының негізгі көрсеткіші екендігіне тұжырым жасап, мұғалімдердің кәсіби өсу бағытындағы іс-әрекеттерге талдау жасалып түсіндірілді.

Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп мұғалімдері тренерге өз сауалдарын қойып, кері байланыс орнатып отырды. Шара соңында мектеп әкімшілігі институт ұжымының біліктілікті арттыру бағытындағы сапалы әрі сындарлы жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Наши филиалы