Білім берудегі кадрлық әлеуетті дамыту жүйесі

2022 жылдың 1 сәуірінде Алматы қаласының №52 жалпы білім беретін мектеп базасында тәжірибелі директор Белкина О.А. және басқару командасының, сондай-ақ, Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Тен А.С. мен Қуандық А. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының 50 басшысына арналған семинар өткізілді.

Іс – шараның негізгі мақсаты – мектептің білім беру нәтижелерін арттыру үшін педагогикалық кадрлармен жұмыс жасауда білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және басқарушылық құзыреттерін жетілдіру.

Фасилитация мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, тәжірибеге бағытталған семинар сапалы, тиімді және инновациялық нәтиже көрсетті. Жұмыс процесі қатысушыларды семинарға ынталандырды, өйткені мектеп басшыларының бірлескен қызмет және сындарлы диалог тәжірибесі білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру бойынша проблемалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Наши филиалы