Кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда

11 мамыр күні «Өрлеу»-БҚО кәсіби даму институтында  «Programme for International Student Assessment» (PISA)  халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбында қысқамерзімді курс басталды. Біліктілік арттыру курсына  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысуда. Аталмыш курсты Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының  аға оқытушысы, білікті маман Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы жүргізуде.

   Мақсаты: PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Курс тыңдаушылары тақырыпқа сай толық ақпарат алып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар түрі және оларды сабақта қолдану тәсілдерін меңгереді.     

Наши филиалы