Үздіксіз кәсіби даму: мұғалімнің пәндік әдістемелік дайындығының теориясы және инновациялық тәжірибесі

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында «Үздіксіз кәсіби даму: мұғалімнің пәндік әдістемелік дайындығының теориясы және инновациялық тәжірибесі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына «Өрлеу» филиалдарының қызметкерлері (ПОҚ), білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Отандық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің контексінде орта білім беру жүйесін дамытудағы үздіксіз кәсіби даму мәселелерін талқылау мақсатында өткізілген ғылыми-практикалық конференция жұмысына барлық облыстардан 100-ден астам баяндамалар келіп түсті, пленарлық мәжілісте 13 баяндама тыңдалып, талқыланды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде қатысушылар көтерілген өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша ашық пікірлесуге белсенді қатысты.

Конференция қорытындысында:

– оқушылардың мүдделері мен білім беру талаптарын толығымен ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту арқылы қолайлы білім беру ортасын құру;

– мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көңіл бөлуді арттыру;

– PISA бағдарламасы бойынша тапсырмалар құрастыру және оларды тәжірибеде қолдану арқылы оқу сауаттылығының деңгейін арттыру;

– үздіксіз кәсіби даму бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру бағыттары бойынша ұсынымдар қабылданды.

Наши филиалы