«Өрлеу» Қызылордада облыстық интернет-форум өтті

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында «PIRLS зерттеулер мәнмәтінінде бастауыш мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту» атты облыстық интернет-форум өткізілді.

Форумға филиал тренерлері, оқу орталығының әдіскерлері, білім бөлімінің әдістемелік кабинет мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

PIRLS халықаралық зерттеулер мәнмәтінінде оқу сауаттылығына қойылатын талаптарды, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған шаралардың негізгі бағыттарын айқындау, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында өткен интернет-форум жұмысында «PIRLS тапсырмалары аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын PIRLS зерттеулері мәнмәтінінде дамыту», «1-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Форум барысында қатысушылар көтерілген өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша ашық пікірлесуге белсенді қатысты.

Наши филиалы