Педагогикалық идеялар панорамасы байқауы – жаңа идеялар алаңы

7 маусым күні Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің мұғалімдеріне «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы – шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруға керемет мүмкіндік беретін жаңа идеялар алаңы.

Мектеп педагогтеріне республикалық байқаудың ережелері, мақсат-міндеттері, бағыттары, қатысу тәртібі түсіндіріліп, байқауға қатысушы өтінімін толтыру бейненұсқаулығы таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан 22 аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысушыларды тіркеу 1 наурыздан басталды. Байқауға қатысу үшін www.ppi.orleu-edu.kz сілтемесі арқылы өтіп, тіркеле алады.

Байқау туралы толық ақпаратты +77056378281 байланыс телефонына хабарласып, білуге болады.

Наши филиалы