Суицидті мінез-құлықтың алдын алу

2022 жылдың 30 мамыры мен 10 маусым аралығында «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған Өрлеу ББЖҚБАРИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Абайдуллаева Айгуль жетекшілік етіп, дәріс беруде.

Тренер Айгуль Абайдуллаева тыңдаушыларға жасөпірімдердің арасындағы суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуде заманауи технологияларды қолдана отырып таныстырды.  Тыңдаушылар үйренген заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып тәжірибе алмасты. Оқытушы мектептің қауіпсіздік тобы оқушылар арасындағы проблемалы мінез-құлық пен мектептегі зорлық-зомбылық актілері жағдайларының алдын алу, анықтау, тіркеу, хабарлау және істі жан-жақты зерттеу үшін барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырып жүргізу керектігіне тоқталды.

Сабақ барысында тыңдаушылар кәмелетке толмағандар арасында суицидті мінез-құлықтың алдын алу мәселесін шешу, суицидті мінез-құлықтың белгілерін  ерте анықтау және дағдарыс жағдайындағы балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, жедел жауап беру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы