Математикалық сауаттылықты арттырудамыз

Павлодар аймағының отыздан астам пән мұғалімі PISA-2022 зерттеуінің «математикалық сауаттылық» бағытының тұжырымдамасы аясында өткен «Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығы пәндік оқытудың өзекті нәтижесі ретінде» атты облыстық вебинарға қатысты. Іс-шараны жергілікті «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушысы, PISA шебер-тренері Б. А. Жаукенова ұйымдастырды.

Жиналған қауымның алдында Екібастұз қ. №17 ЖОМ математика пәні мұғалімдері – В. А. Коровянская, А.К. Сулейменова «Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбымен, №13 ЖОМ математика мұғалімі С.А. Имакова «Ситуациялық есептер математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде», Павлодар ауданы Чернояр ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі-М.С. Кошкарбаева «6-сыныпта математика сабақтарында PISA форматындағы есептерді шешу», Екібастұз қ. №35 ЖОББМ математика пәні мұғалімдері К.М. Алинова, А.Р. Тайганова М.А. Темирбаева – «Көрнекі сауаттылық оқушылардың математикалық сауаттылығының тәсілі ретінде» тақырыптарындағы ақпаратпен бөлісті.

Ұстаздар бір-бірімен сабақта балаларға өздері құрастырған есеп тапсырмаларымен де бөлісті. Тіпті, Екібастұз қ. №17 мектептің математика мұғалімі Айгорым Сулейменова 5-сынып оқушыларымен күнделікті өмірде пайда болатын жағдайларды қолдана отырып, есеп құрастырған. Оның айтуынша, бұл оқушылардың есеп шығаруға деген қызығушылығын арттырып, сабақтардың барысындағы белсендікті күшейткен. (есептерді суреттерден көре аласыздар).

📚Іс-шара соңында Тыңдаушылар вебинар бағдарламасының көңілдерінен шыққаны жайлы айтып өтті.

Наши филиалы