Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған Коллаборация

Қазіргі педагогикалық қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық процестер біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай транспаренттілік білім беру ұйымдарында неғұрлым тиімді тәжірибенің таралуына ықпал етеді.

9.02.2022 филиал директоры А.Мурзалинова және лицей басшысы Е. Қоңырбаев «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалы мен облыстық дарынды балаларға мамандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының директоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында 2022 жылға арналған бірлескен қызмет жоспары бекітілді. Осы Жоспарды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының тәжірибесін жалпы білім беретін мектептердің практикасына таратуды ұйымдастыруға, бірлескен инновациялық жобаларды, ғылыми-әдістемелік workshop-ты әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жоспарға 8 бірлескен іс-шара, оның ішінде «Өрлеумен формальды емес білім беру»  және «Өрлеу мен Білім-инновация серіктестігіндегі сабақ» жобаларының мамандандырылған шығарылымдары енді.

Бұл Меморандум-СҚО педагогтарының үздіксіз кәсіби дамуына қосқан елеулі үлесі.

Наши филиалы