Шебер сынып

«Оқушылардың функционалдық жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған PISA форматындағы тапсырмалардың шешу жолдарын түсіндіру»

2022 жылдың ақпан айының 8 жұлдызында «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы мен «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының арасында ынтымақтастық бойынша бірлескен іс-шаралар аясында «Оқушылардың функционалдық жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған PISA форматындағы тапсырмалардың шешу жолдарын түсіндіру» тақырыбында математика және жаратылыстану пәні мұғалімдеріне оффлайн форматта шебер сынып ұйымдастырылды. PISA халықаралық зерттеу жобасының опциялары, яғни оның ішінде «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» «қаржы сауаттылығы» бағыттарына мысал келтіріліп, баса назар аударылды. Онда PISA зерттеу әдістері негізінде тапсырмаларды талдай отырып, оларды шешуде оқушылардың сыни көзқарасы мен таным белсенділігін арттыру бағыттары мен сыни ойлаудың белсенді әдістері арқылы логикалық ойлауы және қарым-қатынас құзіреттілігін дамыту қарастырылды.

Шебер-сыныпқа қатысушылар PISA форматындағы тапсырмалардың шешу жолдарын талдап, есеп мәтінін толық түсінуге, берілген шарттарға сай талдау жасай отырып, олардың мазмұнын да талқылады.

«Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының ұжымы шебер-сыныпты ұйымдастырған оқытушыларға алғыстарын білдірді.

Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары: Шойманова М., Ақбердиева Қ., Сазабаева А., Медетова Л.

Наши филиалы