Мектеп кітапханашылары қашықтағы ресурстармен жұмыс жасады

28 ақпаннан 11 наурыз аралығында «Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының инновациялық қызметінің заманауи стратегиялары» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының мектеп кітапханашыларын арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курс барысында  «Қашықтағы ресурстар (порталдар, ЭК, ДБ, ашық қолжетімді Интрент-ресурстар) кітапхананы ақпараттық қамтамасыз етудің қосымша мүмкіндігі ретінде. Желілік ақпараттық ресурстардағы іздестіру әдістемесі» тақырыбында тыңдаушылар желілік ақпараттық ресурстардан ақпарат іздеуді, заманауи білім беру кеңістігіндегі қашықтағы ресурстардың рөлін анықтады, қашықтағы білім беру ресурстарын және оқудың онлайн-ресурстарын мен желілік ақпараттық ресурстардан ақпарат іздеу әдістемесін зерделеді. Сабақ соңында кітапхана қызметкерлері  желілік қашықтағы ресурстарды тиімді  қолдануды,  оларды үнемі тексеруді, жаңаларын анықтауды, және де өзара тәжірибе алмасты.                                                         

Эльмира Мирзалиева, ЖжГПОӘ кафедра меңгерушісі

Наши филиалы