PISA халықаралық зерттеу жүргізу шеңберінде

06-17 маусым аралығында «Өрлеу»-Алматыда  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «PISA халықаралық зерттеу жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүріп жатыр. Курсқа  функционалдық оқу сауаттылығы  бойынша халықаралық  дәрежелі тренерлер – Ильдана Халитова, п. ғ. к., Ақбота Конырова, мұғалімі-практик, доцент к. ф.н.,  функционалдық оқу сауаттылығы бойынша оқулық авторы.

Оқытудың мақсаты – Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы(ОЭСР) материалдарын қолдану бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту, оқу сауаттылығын арттыру үшін заманауи педагогикалық және сандық технологияларды дамыту және PISA халықаралық зерттеу жүргізу процесінде оқушылардың жұмыс нәтижелерін көтеру.

Функционалды сауаттылықты  қалыптастыру мен дамыту жеткілікті еңбекті қажет ететін процесс, оқушылардан сабақтардан алған академиялық білімдері мен дағдыларын нақты өмірлік жағдайларда қолдануда үшін олардан тұрақты және жүйелі жаттығуларды талап ететіді.

Курс тыңдаушылары (80 сағат)  екі аптаның ішінде теориялық материалды оқу, топтық жұмыстар жүргізу, ойындар ойнау, талқылау және күнделікті тәжірибе алу  процесінде төмендегідей  дағдылар қалыптастыру мүмкіндігі бар: функционалдық оқу сауаттылығын дамыту бойынша сараланған тапсырмалар әзірлеу; мәнді оқу дағдысын дамыту үшін «Жабық оқу» әдісін қолдану; оқушылардың «SoftSkills» дамыту үшін проблемалық оқытуды (pbl) пайдалана отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру; өмірлік жағдаяттарды шешу үшін ақпараттық дағдыларды дамыту; сабақтарды өткізу үшін ІТ-технологиялар мен интернет ресурстарын қолдану; оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту үдерісінің сапасын бақылау критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу.

Наши филиалы