Қосымша білім беру педагогтерін оқытудағы жаңа тәсілдер

Ағымдағы жылдың 9 маусымында “Бақытты болашақ” Оқушылар сарайында Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін оқыту семинарлары өтті. Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат педагогтерге балалардың шығармашылық, сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, еркін қарым-қатынас жасау сияқты XXI ғ. дағдыларын дамыту үшін педагогикалық тәжірибені зерделеуге бағытталған шеберлік сынып көрсетті, рефлексия жасатты. Әр бала бақытты болуға лайық, сондықтан қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерімен бірге бақытты балалық шақты ұйымдастыру жобасы жоспарланды.

Наши филиалы