География пәні мұғалімдеріне арналған республикалық съезд Түркістан қаласында өтті

2022 жылдың 09 сәуірінде Түркістан қаласында география пәні мұғалімдеріне арналған «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбында республикалық съезд өткізілді. Съезге ҚР БжҒМ вице-министрі Ш.Т.Каринова, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Президентінің м.а М.А.Тыныбаева, Республикалық ғылым-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы басшысы Е.Б.Нурланов, «Дарын» Республикалық ғылым-практикалық орталықтың директоры Т.С.Нуркешов, «Өрлеу» БАҰО», БАҚ өкілдері, ғалымдар, оқулық авторлары, география пәнінің педагогогтері қатысты.Съезде мынадай мәселелер қарастырылды:Географияны оқыту мазмұны, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары,оқулықтар және ОӘК;Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау жағдайы, проблемалары, ұсыныстары;Мектепте туристік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс- әрекеттерді ұйымдастыру;География пәні мұғалімдерін даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру, аттестаттау жағдайы, проблемалары және ұсыныстары.Съезде ҚР БжҒМ -нің қолдауымен съезде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» аға оқытушысы Байбақ Бибіхан «География пәнін оқытудағы тұрақты даму тенденциялары» тақырыбында баяндама оқып, көпшілік тарапынан бірауыздан қолдау тапты.Съезд барысында талқыланған мәселелерден туындаған ұсыныстар:-География кабинеттері материалдық базамен жарақталса;- Оқулықта білім алушылардың жас ерекшелігінің ескерілмеуі, мысалы: бағдарламадағы Шартты белгілерді меңгермей тұрып, әлі өтілмеген материалдар тізбегі жалғасады;- Жер табиғаты (6-сынып), Материктер мен Мұхиттар (7-сынып), 8-сыныпта Қазақстанның физикалық географиясы (авторы Ұ.Есназарова) қайтарылса. – 7-сынып. 4-бөлімдегі 7.4.1.1.Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары, 7.4.1.2. Дүниежүзі халқының діни құрамы, «Көлік инфрақұрылымы» 7.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттау, «Әлеуметтік инфақұрылым» тақырыптары жеңілдетілсе;- 8-сыныптағы 5.2 «Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары», 5.3 «Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары», 6.1 «Саяси интеграция. Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары» тақырыптары өскелең ұрпақ санасына ауыр екендігін ескерілсе;- 9-сыныптың «Табиғат ресурстары» тақырыбы аса маңызды болғандықтан, тоқсанның басында берілсе. – Қазіргі таңда мектептің 9-сыныпта Қазақстанның географиясы (физикалық және экономикалық география) курстары берілсе.Съездің қорытындылау бөлімінде төрт секциялық отырыстың ортақ шешімі мақұлданып, мұғалімдер тарапынан айтылған ұсыныстар қаралды.

Наши филиалы