ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЛАР ЦИКЛЫНАН

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіптік даму институтында 2022 ж. 7-сәуірде «Бастауыш мектеп курсында тапсырмалармен жұмыс жасау әдістемесі» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізілді. Семинарды институттың аға оқытушысы Кайдакова Виктория Юрьевна ұйымдастырды. Семинарға Л.Г. Петерсон жүйелік-әрекеттік педагогика институтының өңірлермен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Наталья Владимировна Кигель, және Қазақстан Республикасының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасауда балалардың қиындықтарын жеңу мәселелері; бастауыш мектепте берілетін тапсырмалардың түрлері; тапсырмаларды білім беру процесіне енгізудің логикасы мен жүйелілігі мәселелері қарастырылды. «Мәтіндік тапсырма», мәтіндік тапсырмаларды жіктеу, тапсырмаларды модельдеу, олармен жұмыс жасау ерекшеліктеріне, оқытудың іс-әрекеттік әдісі технологиясының принциптеріне анықтамалар берілді.

Семинар соңында қатысушылар мазмұнды семинарды ұйымдастырып, тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік қолдау көрсеткені үшін  алғыстарын білдірді.

Институт тренері Кайдакова В.И. бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  айтулы семинарлар топтамасын ай сайын  ұйымдастырып өткізуде. Маңызды іс-шараға қатысып, кәсіби тәжірибеңізді шыңдаңыз.

«Өрлеу» Алматы

Наши филиалы