“Білім инновация” лицейінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өтті

2022 жылы 9 сәуірде дарынды балаларға арналған “Білім инновация” лицейінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өтті. Семинар барысында келесі сұрақтар талқыланды:
1.Аттестаттау ережесіндегі өзгерістер.
2.Оқу үрдісінде тренингтік технологияларды қолдану.
Бірінші мәселе бойынша “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ИПҚ әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Кусаинова А.Т. сөз сөйледі.
Екінші сұрақ бойынша филиалдың әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының әдіскері Клименко Н.А. тренингтік сабақтардың ұйымдастырушылық құрылымын ұсынды.
Лицей педагогтеріне “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық конкурсының қалалық кезеңі туралы ақпарат, “Білімдегі жаңалықтар” республикалық журналында жарияланымдарға қойылатын талаптар ұсынылып, филиалдың жаңа сайтына сілтеме берілді.
Семинарға қатысушылар алған білімдерін жоғары бағалап, кездесудің жоғары кәсіби деңгейде өткенін атап өтті.

Наши филиалы