Көшпелі сессия өтті

14 ақпан күні «Өрлеу»-БҚО институты Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері Менжан Мурзабулатов Орал қаласының № 19 ЖОББ мектебінде көшпелі сессия өткізді.

     Көшпелі сессия «PISA тапсырмаларын оқу процесіне қалай кіріктіруге болады? Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Тапсырмаларды талдау» тақырыбында ұйымдастырылды.

    Мақсаты:  Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының құрамдас бөліктері мен құзыреттері және PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру дағдылары саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.        Оқушылардың сабақта жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру үшін PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне енгізу бойынша кәсіби дағдыларды дамыту, жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің жаратылыстану сауаттылығының құрамдас бөліктері (мәнмәтін, білім, құзыреттер, көзқарастар) және құзыреттіліктер саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында өткен басқосуда педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты

Наши филиалы