Тіл пәндері бойынша зерттеу әдістемесін меңгеру мен ғылыми жобаларды ұйымдастырудағы педагогикалық құзыреттілік

Облысымыздың тіл пәндері бойынша педагогтері үшін «Тіл пәндері бойынша зерттеу әдістемесін меңгеру мен ғылыми жобаларды ұйымдастырудағы педагогикалық құзыреттілік» атты семинар өтті.

Семинар материалдары жаңа ғылыми-әдістемелік ақпаратқа және тәжірибелік кейстер мен нұсқауларға толы болды. Қатысушыларға келесі тақырыптық бағыттар ұсынылды – тіл ғылымындағы жаңа қағидалар, тілді оқыту мен зерттеуде ескерілетін жаңа бағыттар мен әдістер, тілді зерттеудің өзекті проблемалары, тіл пәндері бойынша жобалық жұмыстарға қажет әдістемелік нұсқаулар, кейбір зерттеу әдістемелерінің алгоритмі. Семинар екі тілде өткізілді – қазақ және орыс.

Семинарға білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері мен оқытушылары қатысты. Жобалық технологияны заманауи білім беруде қолдануда лингвистикалық зерттеулердің технологиясы педагогтер үшін өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.

Наши филиалы