Студенттерге арналған курс

      2022 жылдың 21 ақпанында «Өрлеу» -БҚО тренерлері «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін» бітіргелі отырған соңғы курс студенттеріне «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуге дайындау» тақырыбында онлайн- сабақтарын өткізуді бастады. БҚО филиалынан сабақты Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері Мурзабулатов Меңжан Тілепқалиұлы жүргізуде.

Курстың мақсаты: студенттерді ҚР орта білім берудің жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнымен таныстыру және оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданудың практикалық дағдыларын дамыту.

Наши филиалы