Халық қалаулысымен кездесті

28  ақпан күні облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Снежанна Имашева  және «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Мухамбетжанов «Өрлеу» БҚО институтына келіп, қызметкерлермен кездесті.

       Кездесу барысында халық қалаулысы Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуын қадағалайтын “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының құрылғанына тоқталды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуді көздейтін Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылап,  өз пікірімен бөлісті.

      Мәжіліс депутаты педагогтер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Қызметкерлер Ел Президентінің жасаған мәлімдемесін қолдап, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болуына өз үлестерін қосатындарын айтты.

Наши филиалы