Семинар «Музыка пәнін оқытудағы инновациялық және белсенді оқу әдістері»

2022 жылдың шілде айында “Өрлеу” Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша институт филиалы Сарыағаш ауданы, М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Музыка пәнін оқытудағы инновациялық және белсенді оқу әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 25 тыңдаушы қатысты. Мақсаты: музыка пәні мұғалімдерінің құзіреттіліктерін дамытуда жаңаша әдіс – тәсілдерді меңгерту. Іс-шара барысында мұғалімдер жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуда, топтық жұмыстарды, рөлдік модельдерді, диалогтық оқуда ерекше белсенділік танытты және ойлау дағдыларының деңгейіне қарай тапсырмалар құрастырып, пікір алмасты. Іс-шара соңында мұғалімдер әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспарын талқылады.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Токеев Бертай Есмаханұлы

Наши филиалы