Өрлеу мен Эстония педагогтері диалогындағы ХХІ ғасырдағы білім берудің жаңа сын-қатерлері

2022 жылғы 11-12 мамыр аралығында Эстонияның Таллин университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қызметкерлеріне арналған «Педагогтардың кәсіби дамуы: білім беру бағдарламаларын жоспарлаудан сыныптағы практиканың өзгеруіне дейін» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Онлайн-семинарға 160-тан астам адам қатысты.

Онлайн-семинардың мақсаты: білім беру жүйесін дамытудың жаңа идеялары мен тәсілдерін іздеу. Семинарды өткізу форматы: пікірталас алаңдары, олардың барысында оқытудың дәстүрлі бағдарынан Пәндік білім мен дағдыларды қалыптастыруға көшу мәселесі, XXI ғасырдың басты құзыреттілігін – когнитивті, әлеуметтік-эмоционалды және цифрлық дамыту мәселелері талқыланды.

Эстонияның білім беру саласындағы жетекші зерттеушілері мен сарапшылары (философия докторы М. Хайдметис, философия докторы М. Эрсс, білім беру робототехникасы саласындағы зерттеуші Я. Леосте) өз тәжірибелерімен бөлісті:

– 21 ғасыр құзыреттерін ұлттық білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына интеграциялау қағидалары;

– Soft skill («жұмсақ дағдыларды»)қалыптастыру әдістері;

– 21 ғасыр құзыреттіліктерімен жұмыс істеуге оқытушыларды даярлау.

Онлайн-семинар шеңберіндегі негізгі тақырыптар: «Заманауи білім беру психологиясы», «Андрагогика: ересектерге арналған практикалық оқыту қағидаттары», «Кері дизайн негізінде біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларын әзірлеу қағидаты», «Гибридті оқытудағы әлеуметтік өзара іс-қимылды қолдау», «Білім беру инновациялары».

Онлайн-семинар білім беруде инновацияларды енгізу бойынша ғылыми және практикалық нәтижелермен, оқытудың инновациялық модельдерін жобалау мен іске асырудың практикалық тәжірибесімен алмасуға және қазақстандық және эстондық педагогтердің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.

Наши филиалы